Ақмола облысында құрама жем зауыты салынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай ауданының Атамекен ауылында іске қосылған құрамажем зауыты толық қуатында жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зауыттың құрылысы үшін «Әбдірахманов» жеке кәсіпкерлігі жоба бойынша 47 миллион теңге қаржы жұмсаған. Кәсіпорын басшысы Болтабек Әбдірахмановтың айтуынша, зауытта сағатына бес тоннаға жуық құрамажем шығарылады. Өндіріс толық автоматтандырылған, шетелдің «Buschloft» жабдығы орнатылған.

«Өндірістің негізгі кезеңінде шикізат құрамажем ретінде қайта өңделеді. Шикізатты қабылдау, тасымалдау, орналастыру және сақтау, дайын өнімді жіберу толығымен автоматтандырылған. Жоба құрамажем өндірісін және Бурабай ауданында мал шаруашылығы саласын дамуда үлесі зор болмақшы», - деп атап өтті Болтабек Әбдірахманов.

Бүгінгі шаруашылықта 568 ірі қара бар, оның басым көпшілігі симменталь сиырлары. Сонымен бірге, жүзден астам жылқы өсіреді. Шаруашылық бұған дейін құрамажемді сатып алса, енді өздері шығаруда.




Соңғы жаңалықтар