Ақмола облысында құны 204 млрд теңгенің құс фабрикасы салынбақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Ұлыбритания елінің инвесторларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Global Project Capital LTD (Ұлыбритания) компаниясының бас директоры Кеннет Фултон аймақ басшысына қуаты 200 000 тонна болатын құс фабрикасының құрылыс жобасын таныстырды. Жобаның құны 600 миллион АҚШ долларын (204 миллиард теңге) құрайды. Оны «FORUM AGRO» ЖШС жүзеге асырмақ.

Аймақ басшысы жобаның Астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуін қамтамасыз етудегі, сондай-ақ өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру бағытындағы маңыздылығына ерекше тоқталды. Мәлік Мырзалин аталмыш жобаны жүзеге асыруда барынша қолдау білдіретінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар