Ақмола облысында құны 2,9 миллиард теңге жылыжай кешенінің алғашқы қазығы қаланды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Eco Product» жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Бұл туралы «Ақмола Медиа Орталығы» хабарлады.

Ақкөл ауданында қолға алынған аталған кешеннің аумағы 42 448 шаршы метрді құрап отыр. Мұнда қызанақ, қияр және көкөністің бірнеше түрлері өсірілмекші.

Шынымен қапталған жылыжай, қазандық қондырғылары, өздігінен жұмысс істеу үшін көмірқышқыл газын жіберу және қайта өңдеу жүйесі, тамшылатып суару, ауаны реттегіш, буландырып салқындатқыш сияқты көптеген қажетті қондырғылар сатып алынды.

Мұндағы қондырғыларды жеткізіп беруші Финдляндияның «Schetelig OY» компаниясы болып табылады.

Жобаның жалпы құны 2,9 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Оның 79 пайызын «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы бөлу қарастырылған.

Кешен 2015 жылы іске қосылып, 60 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар