Ақмола облысында күн райының бұзылуынан 3 автожол жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше автожол учаскесі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

«Елорда уақытымен сағат 23.30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында көліктің барлық түрі үшін төменде көрсетілген жол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді:

1) «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-82 шақырым аралығы;

2) «Жезқазған-Петропавл» автожолының 537-552 шақырым аралығы;

3) «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шқ аралығы», - делінген хабарламада.

Трассаларға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалының 72 арнайы техникасы жұмылдырды.

Еске салайық, синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты 14 өңірде ескерту жариялаған болатын.

Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады. Желдің күші кей уақытта 23 м/с жетуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар