Ақмола облысында қуаттылығы тәулігіне 60 тонна болатын май зауыты іске қосылды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагин Бурабай ауданына жасаған жұмыс сапарының аясында Щучинск қаласында тәулігіне 60 тонна май шығаратын жаңа зауытқа барды.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратынша, «Бота» ЖШС-нің жаңа кәсіпорны тәулігіне 200 тонна май дәнін қайта өндіріп, жоғары сапалы өсімдік майын шығарып отыр. Зауыттың ашылуы жергілікті 25 адамның жұмысқа орналасуына септігін тигізді.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызда ауылдағы шағын бизнесті белсенді дамыту міндетін қойып отыр. Аталған кәсіпорын 25 адамды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. Және ең бастысы - мұнда отандық өнім шығарылып жатыр», - деді зауыт қызметкерлеріне көмек беруді уәде еткен С.Кулагин.

Директор Ермек Шәйкеновтің хабарлауынша, дайын өнім Қазақстанның түкпір-түкпірінде сатылып жатыр. Таяуда серіктестік 140 млн. теңге жеке қаражатын өндірістік ғимараттарды қалпына келтіріп, жаңғыртуға салды. Барлығы 252 млн. теңге салынған. Соның ішінде Германия және Түркиядан 75,8 млн. теңгеге жабдықтар, 1,9 млн. теңгеге бағдарламалық қамту сатып алынды.

2
3
4
5

Соңғы жаңалықтар