Ақмола облысында ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай бірқатар полиция қызметкерлері марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Ақмола облыстық ІІД салтанатты шара өтіп, бірқатар полиция қызметкерлері марапатталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Салтанатты шараға қатысқан облыстық ІІД басшысы Жайлаубек Халықұлы Тәуелсіз Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуындағы ҚР Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі туралы айта келе, Ақмола облысындағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жеткен жетістіктеріне тоқталып, мерекемен құттықтады. Осы орайда, Президенттің тапсырмасына сәйкес, кадрлық құрамды жақсарту мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері аттестациялаудан өткенін айта кеткен жөн. Шара барысында жақында Бурабай кентінде ТМД елдерінің Мемлекет басшыларының кеңесінің және Жоғары еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысында қоғамдық тәртіпті сақтауда өз міндетін абыроймен атқарған облыстық ІІД басшысының бірінші орынбасары Асхат Ғали ҚР ІІМ грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, қажырлы қызметі үшін 72 полиция қызметкері грамота, медаль және Алғыс хатпен марапатталды. Шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Соңғы жаңалықтар