Ақмола облысында «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күніне арналған байқау өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» ғашықтар күніне арналған «Қос шынар» атты байқау өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы «Аналар кеңесінің» ұйымдастыруымен қалалық қазақ кітапханасында өткен шараға облыс орталығындағы университеттер мен колледждерден келген жұптар қатысты.

Ләйлә-Мәжнүн жұбы талғамы жоғары екенін көрсетсе,  Қалқаман-Мамыр жұбы тапқырлық танытты. Ал, Кебек ержүректілік пен батырлықты,  Қыз Жібек жан тазалығы мен тәрбиелілікті және Қозы Көрпеш-Баян Сұлу жастарға үлгі боларлық сезім адалдығын көрсете білді.

Байқау қорытындысына сай Қозы Көрпеш-Баян Сұлу бейнесін сомдаған Көкшетау медициналық колледжінің студенттері Азамат Тенелген мен Райхан Ғазиза жұбы гран-приді жеңіп алса, Ақан сері атындағы өнер колледжінің студенттері Нұрбек Арысбек пен Хайымқан Жансая жұбы екінші,  Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері Қапар Ақжол мен Амангелді Гүлжайна жұбы жүлделі үшінші орын иеленді.

Байқауға қатысқан барлық жұптарға естелік сыйлықтар үлестірілді. 

Соңғы жаңалықтар