Ақмола облысында қоймадан шыққан өрттен 190 тоннаға жуық дәнді дақылды күйік шалды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданындағы "Қазгер" ЖШС қоймасы өртке оранды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрт күндізгі сағат 14:00 шамасында орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға аймақтық ТЖД жеке құрамынан 20 адам және өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы, Невское селосындағы ЕӨЖ 1 техникасы мен 20 адам тартылды. Өрттің салдарынан коймадағы дәнді дақылдарға (44,880 тонна бидай және 144,880 тонна күнбағыс) зиян келген.

Соңғы жаңалықтар