Ақмола облысында ковидке қарсы вакцина алған тұрғындардың саны артты

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 364 846 адам ковидке қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды, бұл - жалпы өңір халқының 46,5 пайызы. Бұл туралы Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина мәлімет етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алатындардың қатарында 12-ден 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 -дан 37-ші аптасына дейін, лактация кезеңіндегі әйелдер-босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) 2 жасқа толғанға дейін, сондай-ақ бірінші, екінші және үшінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

«2021 жылдың ақпан айынан бастап аймақта Ақмола облысында 364846 адам ковидке қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды, бұл - өңір халқының 46,5 пайызы. Ал екінші компонентін алғандары саны 353 027 адамды немесе облыс халқының 48,1 пайызын құрады», - деді Айнагүл Мусина.

Бүгінгі таңда облыста QazVac, Vero Cell, V спутнигі және Comirnaty Pfizer вакциналарымен ревакцинациядан өту мүмкіндігі бар.

«Ақмола облысында Comirnaty Pfizer вакцинасының бірінші компонентін 17 599 адам немесе тиісті халықтың 26,6 пайызы алды, оның ішінде 348 жүкті, 3267 бала емізетін әйел, 9 779 жасөспірім бар. Бұл вакцинаның екінші дозасын 16 964 (25,7 пайыз) алды. Ал, жалпы, ревакцинациядан өткендер саны 220 мың адамды құрады. Вакцинаға жағымсыз реакциялар тіркелмеген», - деп түйіндеді Айнагүл Мусина.

Айта кетсек, Ақмола облысында Цербер коронавирусының жаңа штаммы анықталды.

Соңғы жаңалықтар