+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған адамға қатысты деректер белгілі болды

2020 жылғы 4 сәуір 17:51
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған адамға қатысты деректер белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілясов коронавирус індетінен қайтыс болған Целиноград ауданының тұрғыны туралы деректерді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ДДСҰ пандемия басталғалы COVID-19 жұқтырудың рекордтық санын тіркеді Жапонияда 2021 жылы жаңа туған нәрестелер саны күрт азаюы мүмкін Алматыда қандай жағдайда локдаун болуы мүмкін

Белгілі болғандай, 73 жастағы қарт адамның бірнеше созымалы ауруы болған. Ол 2 сәуір күні қайтыс болды. Науқастың коронавирусқа шалдыққаны туралы сот-медициналық сараптамадан кейін анықталды.

Қайтыс болған 1947 жылғы ер адам — Целиноград ауданының тұрғыны. Бұған дейін дисциркуляторлық энцефалопатия диагнозымен тіркеуде тұрған.

Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, биыл 1 наурызда науқастың көп ағзалық дертіне байланысты жағдайы нашарлаған. Бұл ретте тыныс алу, жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі жоғарылап, күретамырлық қысым деңгейінің жоғары болғаны байқалды.

«2 сәуірде науқастың биологиялық өлімі тіркеліп, оның денесі сот-медициналық сараптама үшін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Зерттеу жүргізу кезіндегі секциондық материалда COVID-19 анықталды. Науқас болған жерде эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде, сондай-ақ қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда», - деді С. Ілясов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақмола облысында коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT