+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандардың алды 99 жаста

2020 жылғы 9 сәуір 12:05
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандардың алды 99 жаста

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 9 сәуір сағат 10:00 жағдай бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 56 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, COVID-19 тағы 13 адамнан табылды. Қауіпті індетті жұқтырғандардың алды 99 жаста, олардың барлығы арнайы әлеуметтік көмек алушылар.

«Осыған дейін талдау материалы әлеуметтік көмек алушылар мен қызметкерлерден (жақын байланыста болған 216 адам) алынған еді. Оның ішінде орталықтың 34 әлеуметтік көмек алушысы және 1963 жылғы қызметкерінің бойынан қауіпті инфекция анықталды. Бұлардың барлығы 2-ші сәуірде көз жұмған Целиноград ауданының 1947 жылғы тұрғынымен байланыста болғандар», - дейді ведомстводан.

Сонымен қатар, облыстың станционарында 371 науқас жатыр. Жұқпалы аурулар ауруханасында – 40, провизорлықта – 97, карантиндік стационарда – 234 адам жатыр. Ал, үй карантинінде 792 адам бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT