Ақмола облысында қорғаныс істері бөлімнің қызметкері әскерге шақырылушыдан пара алып жатқанда қолға түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының қаржы полициясының қызметкерлері Еңбекшілдер аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің қызметкерін пара алу үстінде құрықтады, деп хабарлады облыстық ЭҚСЖҚД баспасөз қызметінен.

Ақмола облыстық ЭҚСЖҚД мен ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарманың қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел-алдын алу шаралары барысында ҚР Қорғаныс министрлігінің Еңбекшілдер аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің әскери қызметшілерді келісімшарт және әскер қатарына шақыру бойынша бөлім басшысы әскерге шақырылушы азаматтан 350 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түсті.

Қазіргі кезде аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабының 4 бөлімінің "а" тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар