Ақмола облысында көптен күткен 280 орындық балабақша пайдалануға берілмек

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Степногор қаласында көптен күткен 280 орындық балабақша пайдалануға берілмек.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Нана Антидзе хабарлады. Оның айтуынша, бірнеше жыл тұралап қалған сақалды құрылыстың жандануы ата-аналар мен бүлдіршіндер үшін қуанышты хабар болып отыр. "Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарын астаналық мердігер «Дорстройтрест» компаниясы қолға алған. Құрылысшылар жыл соңына дейін нысанды пайдалануға беруді жоспарлап отыр", дейді баспасөз хатшысы. Еске сала кетсек, бұл балабақша осыдан бірнеше жыл бұрын тұрғызылып, бүлдіршіндерге есігін айқара ашу керек еді. Алайда, сол кезде құрылыс жұмыстарын қолға алған мердігерлердің жауапсыздығынан жұмыс тоқтап қалды. Ұзақ уақыт соттасудан кейін биыл араға 4 жыл салып, сағыздай созылған балабақша құрылысы жандана басталды. Тендерді жеңіп алған «Дорстройтрест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары ағымдағы жылдың қараша айында нысанды пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Қазіргі кезде құрылыс алаңында 28 адам жұмыс істесе, оның 10-ы жергілікті тұрғындар.

Соңғы жаңалықтар