Ақмола облысында конвейер лентасы қолын жұлып кеткен жұмысшы қайтыс болды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында конвейер лентасы қолын жұлып кеткен жұмысшы көз жұмды. ОЛсыған байланысты полиция іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы маусымның 1-де Аршалы аудандық ПБ кезекші бөліміне Астана қаласындағы ауруханаға «қолының травматикалық ампутациясы, травматикалық шок» диагнозымен 47 жастағы ер адамның жеткізілгені хабарланған.

«Кейін анықталғандай, келеңсіз жағдай 42-ші разъез станциясында болған. Ер адам жергілікті өндірістік цехтардың бірінде істен шыққан конвейер лентасын жөндеп жатқан Сол кезде оның қолын жұлып әкеткен. Зардап шегуші жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Осыған байланысты полиция Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жұмысшының жарақат алуына байланысты тергеу амалдары басталған еді.


Соңғы жаңалықтар