Ақмола облысында қонақта отырғанда өңешіне ет тұрып қалған ер адам қайтыс болды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қонаққа барған ер адам өңешіне ет тұрып қалып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жазатайым оқиға Сандықтау ауданында болған.

«Наурыздың 22-де Сандықтау аудандық полиция бөліміне ауылдардың бірінде 55 жастағы астаналықтың көз жұмғаны туралы хабар түсті. Бірге болғандардың сөзінше, ер адам тамақтану кезінде етке шашалып қалған. Алдын ала мәліметке сенсек, ер адамның өлімі тыныс алу жолдарында тұрып қалған тағамға байланысты механикалық асфиксия салдарынан болды. Ол Сандықтау ауданына қонаққа келген. Оның өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы барысында анықталады», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, мұның алдында Ақмола облысындағы шахтада заңсыз алтын іздеушінің өлімі тіркелген еді.


Соңғы жаңалықтар