Ақмола облысында комбайн мен трактор өндірісі еселеп артып отыр

None
Фото: ortcom.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысы соңғы үш жыл бойы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша алдыңғы қатарда. Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл облыс экономикасы әлі де тұрақты екенін растағым келеді. Өткен жылы жақсы қарқын алған салалар өсімді жалғастырып жатыр. Жалпы соңғы үш жыл бойы елдегі өңірлер бөлінісінде біз әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша алдыңғы қатардамыз. Осылайша, биылғы қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіп саласында 558 млрд теңгеден астам сомаға өнім шығарып, жоғары қарқынға қол жеткіздік. Өткен жылмен салыстырғанда 15 пайыз өсім бар», - деді облыс әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен есептік брифингте.

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде өндіріс индексі - 115,3%, тау-кен өндіру индексі - 122,6% құраған.

Әсіресе, спикердің айтуынша, металлургия, машина жасау, азық-түлік өндірісі сынды базалық салаларда өсім байқалады.

«Өнім түрлеріне келсек, комбайн шығару - 2,5 есе, трактор – 1,5 есеге, өңделмеген алтын – 37 пайызға, сұйық май мен сары май – 1,5 есеге, ет пен сорпалық өнімдер – 14 пайызға артқан. Сонымен бірге, 2022 жылы жаңа өндірістік қуаттарды енгізе отырып, өнеркәсіптік әлеуетті ұлғайту арқылы да өсімге қол жеткіздік – 231 млрд теңгеге 163 жоба іске асырып, 3,5 мың жаңа жұмыс орнын құра алдық», - деді Е. Маржықпаев.


Соңғы жаңалықтар