+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Ақмола облысында колледж директоры жалған 57 студентке шәкіртақы төлеп келген

2020 жылғы 4 сәуір 20:56
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында колледж директоры жалған 57 студентке шәкіртақы төлеп келген

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев білім беру саласының қызметкерлерімен бейнеконференция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнеконференцияда ҚР ҚПК (қылмыстық-процессуалдық кодекс) 200-бабы тәртібінде енгізілген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін жағдайларды жою туралы ұсыным қарастырылды.

Осы ретте, Мұрат Төлеубаев білім беру жүйесінің мекемелері білім беру үрдісін ұйымдастыру арқылы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру керектігін атап өтті. Оның сөзінше, еліміздегі мен әлемдегі күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан Мемлекет басшысы мемлекеттік басқарудың өзге де салалары арасында білім беру жүйесін дамытуға басымдық береді. Бұл салаға әрқашан бюджет қаражаты үлкен мөлшерде бөлінеді.

Бейнеконференцияда айтылғандай, сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында Ақмола облыстық білім басқармасы жанындағы Агротехникалық колледждің директоры өзіне және басқа адамдарға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында осы колледжде оқымаған және сабаққа мүлдем қатыспаған 57 студентке шәкіртақы төлеп келгені анықталды. Осы арқылы мемлекетке 4 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

«Көрсетілген жағдайлар ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының, бюджеттік заңнаманың, колледж қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын бұзуға, сондай-ақ жоғары тұрған басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауына байланысты мүмкін болды.

Осыған ұқсас заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ведомствоға қарасты мекемелердің жұмысына, атап айтқанда, қаржылық және әкімшілік-шаруашылық қызметіне бақылауды күшейтуді ұсынылды.

Сонымен қатар, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы білім беру жүйесінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясатқа адал болуға және оны балаларға дұрыс жеткізуге, сондай-ақ, жас ұрпақты адами құндылықтарға үйретуге және еліктеуге лайықты үлгі болуға шақырды», - дейді ведомстводан.

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылау институтын дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі басымдығы болып табылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT