Ақмола облысында көлік қағып кеткен 10 жасар қыз баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 10 жасар қыз баланы қағып кеткен көлік жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетсек, 26 қазан күні кешкі сағат 19:30 шамасында Целиноград ауданында Астана бағытынан бет алған «Нива-Шевроле» көлігі жолдың рұқсат етілмеген жерінен өтіп бара жатқан 2005 жылғы жаяуды қағып кеткен. Салдарынан қыз бала жабық ми жарақатын алып, мойын омыртқасы сынған. Кейін жедел жәрдем қызметінің көлігімен ауруханаға апара жатқан кезде ол жолда көз жұмған. Қазіргі кезде адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасына байланысты «Нива-Шевроле» көлігі жүргізушісінің үстінен ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар