Ақмола облысында көктемгі су тасқынының зардаптары жойылуда
2017 жылғы 25 мамыр 09:29

Ақмола облысында көктемгі су тасқынының зардаптары жойылуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында көктемгі су тасқынының зардаптары жойылуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың көктемінде облыс аумағындағы 119 елді мекенде 23251 адам тұратын 5901 үйді су алды.

Ең қиын жағдай Атбасар қаласы мен Сандықтау ауданында болды. Су алуы мүмкін аумақтарда қолданылған шаралардың арқасында 4921 үйлі 84 елді мекен құтқарылды. Елді мекендердегі 34 мəрте болған су тасқыны салдарынан 839 үйді су алып, 3010 тұрғын көшірілді, 7258 бастан астам мал қауіпсіз аумаққа шығарылды. Су тасқынынан тиімді қорғаумақсатында, сондай-ақ, облыс аумағындағы əртүрлі су алу мүмкіндігінің алдын алу үшін ұзындығы 33879 метр уақытша бөгет тұрғызылды, инертті материалдар салынған 170539 қап қаланды, 497806 текше метр су сорылды. Мұз кептелісін болдырмау мақсатында Астрахан, Атбасар, Бұланды, Сандықтау, Целиноград жəне Шортанды аудандарындағы өзендердің мұзын жару жұмысы жүргізілді. Бүгінгі таңда тұрғын үй мəселесін шешу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атбасар ауданы

650-ден астам нысан тексеріліп, 467 тұрғын үй апатты жағдайда деп танылды. 36 үй құлап қалған. 168 үйді жөндеу қажет. Шығын сомасы 165 миллион теңгені құрайды. Төтенше жағдайлар салдарын жоюға қажетті болжамды сома 6 076,6 миллион теңге. 45 пəтерлік 12 тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға 41,199 миллион теңге қарастырылуда. Жобаны «Горсельпроект» серіктестігі жасайды. Жоба сараптамадан биылғы жылдың 18 маусымында өткізіледі. 45 пəтерлік 12 тұрғын үй құрылысының болжамды бағасы 3960 миллион теңгені құрайды. Жайлы 45 пəтерлік бір тұрғын үйдің жалпы алаңы 2352 шаршы метр. Бір шаршы метрінің құны 140 мың теңге. Биылғы жылдың 16 мамырында бюджеттік өтінім берілді.

Сандықтау ауданы

252 тұрғын үй тексерілді. Қайтадан қалпына келтіруге келмейтін 39 үй апат- ты жағдайда деп танылды. 213 үй бойынша сараптау комиссиясының бағасы күтілуде. Шығын сомасы 70 миллион теңгені құрайды. Биылғы жылдың 19 мамырында 240 отбасын қолдау шараларына 28 миллион теңге мөлшерінде бюджеттік өтінім берілді. Целиноград ауданы Аудан аумағындағы биылғы су тасқыны кезінде Семеновка селосы қатты зардап шекті. 28 тұрғын үйді су алды. Оның ішінде екі үй апатты жағдайда деп танылды. Бір үйдің іргетасын қалпына келтіру, өзге 25 үйді жөндеуден өткізу қажет. Барлық үйдің комиссиялық зерттеу жəне ақау актілері бар. Бүгінгі таңда шығын сомасы есептелуде. Бюджеттік өтінім берілген жоқ.

Jańalyqtar

MURAǴAT