Ақмола облысында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Сандықтау ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ерлан Жолдиннің айтуына қарағанда, бүгінгі күнге дейін коммуналдық қызметтермен 50 тонна қар шығарылды. Оған қоса 126 су өткізу нысандарын да тазалу жұмыстары қолға алынған.

«Барлық елді мекендердегі көшелер мен арықтар қардан тазартылып жатыр. Осы бағытта жергілікті 12 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және ұйымдармен меморандумға қол қойылды. Су басу қауіпі зор Балкашино, Сандықтау, Максимовка, Владимировка ауылдарында арнайы техникалар орналастырылды. Сонымен қатар, Жабай өзені маңына ұзындығы 3,4 мың метр жерге инертті материалдар төселіп, бөгеттер нығайтылды», - деді Ерлан Жолдин.
Жалпы, көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында аудандық бюджеттен 1,1 миллион теңге бөлінді. Одан бөлек 4,3 миллион теңгеге қар және су аңғарлары тазартылды. Оған қоса қажет болған жағдайда аудандық әкімдікте 7,7 миллион теңге қаржы қоры бар.
null

Соңғы жаңалықтар