Ақмола облысында көктемгі су тасқынына қарсы оқу-жаттығу дайындығы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Көктем-2015» республикалық командалық-шатбтың оқу-жаттығуы өтті. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Көктемгі су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайлар зардаптарын жою кезінде іс-қимыл және азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығын анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға жергілікті атқарушы органдар, ҚР ІІД ТЖК өңірлік бөлімшелері және азаматтық қорғаныс құрылымдары тартылды.

Аталған шаралар Ақмола облысының әр ауданында қолға алынды. Соның бірі - облыс орталығының іргесінде орналасқан Краснояр селосындағы Шағалалы су қоймасында өтті.

Онда арнайы-тактикалық жаттығу жұмыстары барысында көктем айларында орын алатын су тасқыны тәрізді төтенше жағдайларды жою кезінде басқарма органдары мен мемлекеттік азаматтық қорғаныс күштерінің дайындығы тексеріліп, алгоритмі пысықталды.

Соңғы жаңалықтар