Ақмола облысында көктемгі егіс жұмыстары басталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық диқандар көктемгі егіс жұмыстарына қызу кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биылғы жылы облыс бойынша егісті 4,7 миллион гектардан астам алқапта жүргізу жоспарланған. Оның 4,3 миллион гектарына дәнді дақылдар себіледі. Оңтайландыру аясында негізгі азық-түлік дақылы-жаздық бидай 3,7 миллион гектар алқапты құрайды. Оған қоса, 258,4 мың гектарға майлы дақылдар себу жоспарда бар. Азықтық дақылдар 644 мың гектар алқапқа себіледі. Бұл өткен жылғы деңгейден 47 мың гектарға көп.

Науқанға 15,2 мың трактор мен 16,5 мың дана егіс сеялкалары және 1201 жоғары өнімді егіс кешендері қатыстырылуда. Жұмыс жоспарына сәйкес, облыста көктемгі егіс жұмыстарын 20 күннің ішінде аяқтау көзделіп отыр, деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, өткен жылы көктемгі дала жұмыстары және орақ науқаны ұйымшылдықпен өткізіліп, заманауи технологиялардың енгізілуінің арқасында облыстың аграршылары гектар берекесін 12 центнерден айналдырып 5,1 миллион тонна өнім жинаған болатын.


Фото: static.apk-news.ru

Соңғы жаңалықтар