Ақмола облысында «Көктем – 2021» оқу-жаттығуы өтіп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Көктем – 2021» оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, шара мақсаты – көктемгі су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың зардабын жою кезіндегі іс-қимыл және азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығын анықтау. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері және азаматтық қорғаныс құрылымдары, облыстық азаматтық қорғау қызметтері, ҚР Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімі, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері тартылды.

Облыстық оқу-жаттығуды өткізу орны Атбасар және Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласы болып айқындалды.

«Арнайы-тактикалық жаттығу жұмыстары барысында көктем айларында орын алатын су тасқыны тәрізді төтенше жағдайларды жою кезінде басқарма органдары мен мемлекеттік азаматтық қорғаныс күштерінің дайындығы тексеріліп, алгоритмі пысықталады», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар