Ақмола облысында көктайғаққа байланысты бірқатар жол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 ақпанда сағат 19:45-тен бастап Ақмола облысында көктайғаққа байланысты бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы жолдарда автокөліктің барлық түрінің жүрісі шектелді:
1. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 917-995 шақырымы Жақсы ауылы мен Атбасар қаласы аралағындағы учаске;
2. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымы Қостанай облысының шекарасы мен Сұрған ауылының аралығындағы учаске.
3. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 552-540 шақырымында Сұрған мен Бұзылық ауылдарының аралығындағы учаске;
4. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-82 шақырымы
Жақсы мен Бұзылық ауылдары аралығында 20.30-дан бастап барлық көлік жүрісіне тыйым салынды.
5. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 995-1 114 шақырымы Атбасар қаласы мен Жалтыр стансасы аралығындағы учаске;
6. «Көкшетау-Атбасар» автожолының 48-184 шақырымы Атбасар қаласы мен Зеренді ауылының аралығындағы учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Соңғы жаңалықтар