Ақмола облысында қоғамдық көлік жүргізушілері бір тәуліктің ішінде 55 рет жол ережесін бұзған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің бір тәуліктің ішінде 55 рет жол ережесін бұзғаны анықталды.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыс аумағында заңсыз жолуашылар тасымалы мен келімсектерді анықтау және қоғамдық көлік апатын ескерту бойынша "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы қолға алынған болатын. Аталмыш шара барысында өңірде бір тәуліктің ішінде жол ережесінің 55 мәрте бұзылғаны белгілі болды.

Атап айтсақ, ағымдағы жылы қоғамдық көліктердің қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 адам мерт болды, сондай-ақ 9 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған.

"Автобус" жедел алдын алу іс-шарасына облыс бойынша 300 астам жол-патрульдік қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды, 200-ден астам жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар