Ақмола облысында келіні қайын енесін тонап кеткен

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық полицейлер бір миллион теңгеге жуық ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған пәтер тонаушыны ұстады. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

"Маусымның 28-і күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне пәтерінен ақшалай қаражат пен алтын бұйымдарды белгісіз біреудің тонап әкеткені жөнінде қала тұрғыны шағым түсірген. Мұндағы шығын көлемі 930 мың теңгені құраған", деп көрсетілген баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Осыған орай Көкшетау қалалық криминалды полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті ұсталды. Бір қызығы, ұры зардап шегуші әйелдің келіні екен.

Қазіргі кезде аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 175 бабының 1 бөлімі (тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлердің айтуынша, пәтер тонаушылар көбіне үй ішіне терезеден кіретін көрінеді. Мәселен, маусымның 28-і күн Атбасар қаласында терезеден түскен ұрылар компьютерлік техника, ноутбук және екі телефонды қолды қылып, үй иесіне 146 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Мұнда да полицейлер жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында 1988 жылғы жергілікті азамат ұсталып, ұрланған заттар тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар