Ақмола облысында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік жеңімпаздары анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік жеңімпаздары анықталды.

Байқау жеңімпаздарын ҚР Конституциясы күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын барысында қала әкімі Ермек Маржықпаев марапаттады.

Байқауға облыстың әр өңірінен жиналған барлығы  20 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Байқау жеңімпаздары «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық арналған үздік тауарлар» және «Ең үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша анықталды.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша «AZAM-KC» ЖШС-нің директоры Аязбек Мусин, «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша жеке кәсіпкер Әмір Сақтағанов және «Ең үздік азық-түлік тауарлары» аталымы бойынша «Агрофирма ТНК» ЖШС-нің директоры Батырбек Уәлиев жеңімпаз аталды.

null null 

Соңғы жаңалықтар