Ақмола облысында Қазақстанның дамуына үлес қосқан нұротандықтар марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шарада мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, табандылығымен танылған нұротандықтар мемлекет және партия наградаларымен марапатталды.

Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген Ермек Маржықпаев Тәуелсіздік күнінің мәні мен маңызына назар аударды.

«Егемендіктің 30 жылында еліміз барлық салада ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді, Елбасы саясатының арқасында Қазақстанның алпауыт елдермен терезесі тең, әлемдік қауымдастықта абырой-беделге ие мемлекет болып қалыптасты», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Бұл күні «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен партияның Ақкөл, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары мен облыстық аппараттың саяси жұмыстар бөлімінің кеңесшісі марапатталды.

Коронавирус пандемиясы кезінде тұрғындарды рухани демеп, түрлі жобаларды қолға алып, белсенділік танытқан үш ақмолалық белсенді «Халық алғысы» медаліне ие болды.

Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың өзі де жоғары партиялық награда саналатын «Белсенді қызметі үшін» медалімен марапатталды. Бұл игі марапатқа облыстан 17 нұротандық ие болды.

Сонымен бірге, белсенді нұротандықтар «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атынан «Құрмет грамотасымен» және облыс әкімі, партияның Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.


Соңғы жаңалықтар