Ақмола облысында қаза тапқан полиция лейтенантына мемориалдық тақта ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар қаласында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция лейтенанты Серік Иманғалиұлы Мұхамеджановқа мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Мемориалдық тақта Атбасар ауданының Сочинск қаласында ашылып отыр. Салтанатты шараға ІІД кадрлық жұмыс басқармасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Сақыпов, Атбасар аудандық ІІБ жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдар және марқұмның туған-туыстары қатысты. 

«...Серік Иманғалиұлының ерлігі нағыз ерлер үшін үлгі өнеге. Өз қызметіне адалдық белгісі. Бұл мемориалдық тақта қызмет бабында шейіт болған полицейдің ерлігінің ғана белгісі емес, жас, келешек ұрпаққа үлгі өнеге...», деді Бауыржан Сақыпов өз сөзінде.

Еске сала кетейік, Тəуелсіздік алған жылдан бері Ақмола облысында 30-дан астам полиция қызметкері опат болған. Соның бірі полиция лейтенанты Серік Мұхамеджанов бұзақылардың қолынан қаза тапты.  2004 жылдың 2 қарашасында Атбасар ауданының Сочинск ауылында мас екі адамның қоғамдық тəртіпті бұзғаны туралы хабар түседі.  Оқиға орнына дереу жеткен Серік бұзақылардың бірін əкімшілік хаттама толтыру үшін  полиция учаскесіне алып келеді. Артынша қолына мылтық ұстаған бұзақылардың екіншісі полиция участогіне баса көктей кіріп келіп, полиция лейтенантын атқан. Осылайша, жоқ жерде Серік алған ауыр жарақатынан көз жұмады.

Мерт болғаннан кейін Серік ҚР Президентінің Жарлығымен 2-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Марқұмның артында əйелі мен екі баласы қалды. Осы күні  қызы Əсия əкесінің  ізін жалғап, ішкі істер органдарында қызмет атқарса, ұлы Тимур колледжде оқиды.

null

Соңғы жаңалықтар