Ақмола облысында қаза тапқан полицейлерге монумент ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтіп, ең үздік полицейлер марапатталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Салтанатты шара ІІД ғимаратының алдында орнатылған қаза тапқан полиция қызметкерлерінің есімдері қашап жазылған ескерткіш тақта мен монументті ашудан басталды. Ескерткішті облыс әкімінің орынбасары Егор Каппель мен облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Сәденов ашты. Тәуелсіздігімізді алған ширек  ғасырдан астам уақыт ішінде ел тыныштығын қорғау жолында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 39 полиция қызметкері қаза тапқан екен. Жиналғандар ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен қаза тапқандарды еске алды.
null

Бұдан кейін салтанатты шара «Көкшетау»  мәдениет үйінде жалғасын тапты. Онда Ақмола облысының әкімі, Ішкі істер министрі мен облыстық ішкі істер департаменті басшысының алғыс хаттарымен бірге, көптеген полийцейлер және еңбек ардагерлері «Қазақстан полициясына - 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісіне ие болды. Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты.
nullnull

Соңғы жаңалықтар