Ақмола облысында қауіпті қылмыскер түрмеден қашты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ауыр қылмыс жасаған 26 жастағы тұтқын түрмеден қашты, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

«17 маусым күні Степногор қаласындағы ЕЦ-165/18 мекемесінен ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған Қасенов Е.Ж. қашты. Ішкі істер органдары оның тұрған жерін анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Қолда бар ақпаратқа қарағанда, Қасенов Е.Ж. адам өлтіру, зорлау және ұрлық баптарымен сотталған.

Соңғы жаңалықтар