Ақмола облысында қатты тұрмыстық қалдық полигондары салынады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қатты тұрмыстық қалдыққа арналған жаңа полигондары салынады. Облыста 7 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Бүгінде облыстың алты ауданында 7 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысын техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары аяқталды. Бұл объектілер Щучинск, Ақкөл қалаларында, Жаңақорған және Аршалы кенттерінде, Қосшы, Қоянды және Зеренді ауылдарында орналасатын болады. Аталған полигондарда сұрыптау желісі, сондай – ақ, органикалық, медициналық және қатты қалдықтарды термиялық кәдеге жаратуға арналған заманауи жабдықтар қарастырылатын болады», - деп атап өтті облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасындағылар.

2021 жылға Бурабай ауданында көрсетілген елді мекендердің қатты тұрмыстық қалдықтардың полигондарын салуға және рекультивациялауға жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үшін бюджеттік өтінімдер берілді.

«Егіндікөл және Шортанды аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салуға техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге бюджеттік өтінімдер жіберілді.Көкшетау қаласы бойынша қоқыс сұрыптау пункті бар жаңа полигон салу бойынша жұмыс жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде», - деп толықтырды облыстық ведомстводан.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша 158 қоқыс үйіндісі жойылды. Тәртіпті сақтамаған адамдар назардан тыс қалған жоқ. Полиция қызметкерлері абаттандыру және санитарлық нормалардың 625 бұзушылығын анықтады.

Соңғы жаңалықтар