Ақмола облысында қатты аяздың салдарынан 23-27 қаңтар күндері сабақ тоқтатылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қатты аяздың салдарынан қаңтардың 23-27 күндері 1-11 сыныптар арасындағы оқушыларға сабақ болмайды.

Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, аймақтық ТЖД арнайы 112 телефон нөмірі арқылы ескерту хабар таратты.

Сонымен қатар, өңірде жылдамдығы 20 м/с дейін бұрқасын желдің салдарынан «Көкшетау-Петропавл» тас жолы да жабылды.

Соңғы жаңалықтар