+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Ақмола облысында кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын меморандумға қол қойылды

2019 жылғы 11 желтоқсан 22:51
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын меморандумға қол қойылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Protecting Business and Investments» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің «Anticor ortalyǵy» сервистік орталығында облыстың ірі кәсіпорындарының басшыларымен іскерлік кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 3,1%-ға артты СҚО-да биыл 2400 отбасы грант алып, өз ісін ашты Атырауда прокурорлардың мобильді тобы кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын болады

Кездесуде департамент басшысы Мұрат Төлеубаев бизнес-қауымдастық өкілдеріне сенім мен өзара ынтымақтастық үшін алғысын білдірді, сондай-ақ олардың бизнесін шенеуніктер тарапынан кез келген қысымнан қорғауға барынша жәрдемдесетінін айтты.


«Департамент біздің өңірде инвестициялық жобаны жүзеге асырудың кез келген сатысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы толық қолдау көрсетуге және сіздің заңды құқықтарыңызды тиімді қорғауға дайын. Өз кезегінде, бизнесмен мен инвесторлар бизнесін дұрыс жүргізуден және шенеуніктерді параға сатып алудан бас тартуы тиіс», - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.

Айта кету керек, бұдан бұрын жоба аясында департамент «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Асыл Арман» ЖШС, «Камаз Инжиниринг» АҚ, «Бижан» ЖШС, «Намыс» ЖШС, «Көкшетау автобус паркі» ЖШС, «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС, «Виччи» ЖШС, «Сафди» ЖШС, «Пробилд» ЖШС, «СТ Жилстрой» ЖШС сияқты кәсіпорындармен жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеден астам 28 келісімге қол қойды.

Енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен қамтылғандар қатарына «Айдабол Көкше» ЖШС, «Натур продукт» ЖШС, «Восток Моторс» ЖШС кәсіпорындарының инвестициялық жобалары қосылды, олардың басшылығы әкімшілік кедергілердің алдын алуға және облыста оң іскерлік ахуал құруға үміт білдірді.

Барлық қызықтырған мәселелер мен өзара тиімді ынтымақтастық жөніндегі алдағы жоспарларды қарап және талқылай келе, кездесуге қатысушылар бірлескен қызмет туралы негізгі ережелер, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттемелері көрініс тапқан бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы алып жүру туралы келісімдерге қол қойды.

«Protecting Business and Investments» жобасының мақсаты - бұл қолайлы инвестициялық климат құру және мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру, еліміздегі кәсіпкерлерді қолдау.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT