Ақмола облысында кәсіпкерлер форумы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған кәсіпкерлер форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық саясат басқармасына сілтеме жасап.

Іс-шараны Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен аудан әкімдігі ұйымдастырды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, форум алдында жергілікті мәдениет үйінде «Бастау бизнес« жобасының 20-ға жуық қатысушысының бұйымдары мен жұмыстары ұсынылған көрме ұйымдастырылды. Форумға қатысушылар арасында 2019 жылы жоба бойынша білім алған Айбар Балтабеков те бар. Бүгінде ол сәтті кәсіпкер, кәдесый өнімдерін шығарумен айналысады, күрделі тапсырыстарды орындайды.

«Жоба маған көп нәрсе берді, ең бастысы ісін енді бастап жатқан кәсіпкерлер тап болатын қиындықтарды еңсеруді үйрендім», - деп бөлісті жоба түлегі.

Форумға қатысушыларды Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов құттықтады.

«Зеренді ауданында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамыған, сондықтан бізге терең өңдеуді, туризмді дамыту және Көкшетау қаласы мен елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету қажет, бұл перспективада өңірге үлкен пайда әкеледі. Ең бай шикізат, өнеркәсіп, табиғи және көлік ресурстарына ие бола отырып, Зеренді ауданы бизнес-алпауыт болуға барлық мүмкіндікке ие», - деді аудан әкімі.

Форум жұмысы «инвестор сағатымен» жалғасты. Кездесуге қатысушылар – инвестициялық бастамасы бар әлеуетті инвесторлар мен кәсіпкерлер-өз жобаларын, даму жоспарларын таныстырды, сондай-ақ өз жобаларын іске асыру кезінде түйткілді мәселелерді талқылады.

«Ақмола облысында аудандық деңгейде кәсіпкерлер форумы алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өткім келеді. Бүгінгі іс-шара өңірдегі кәсіпкерлік белсенділікті дамыту үшін қолайлы ахуал жасауда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, шағын бизнеске де үлкен мән берілген. Соңғы 5 жылда Кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 9900 астам ақмолалықты, оның ішінде Зеренді ауданының 865 тұрғынын оқытып шығарды. Ағымдағы жылы жоба бойынша оқудан 109 зеренділік өтті, оның 55 - і гранттар алып, мемлекеттік жеңілдікті бағдарламалар бойынша қаржыландырылды», - деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мүсылманбек.

Форум өңірдің үздік кәсіпкерлерін марапаттаумен аяқталды. Жыл қорытындысы бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің шешімімен Зеренді ауданының жеке кәсіпкері Айшат Яндиева кәсіпкер әйелдер арасында «Аруанды бизнес-тану» сыйлығымен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар