+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ақмола облысында кәсіпкер із-түзсіз жоғалып кетті

2020 жылғы 28 мамыр 15:44
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында кәсіпкер із-түзсіз жоғалып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 37 жастағы кәсіпкерге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда қайық аударылып, 41 жастағы ер адам  суға кетті Үндістанда нөсер жауын жауып, ондаған адам мерт болды, мыңдаған ауыл су астында қалды Алматыда адасып кеткен 3 жасар бала табылды

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 25-інде Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын, 32 жастағы әйел хабарласып, күйеуін іздеп табуға көмек сұраған. Айтуынша, күйеуі 37-і жастағы Руслан Серікұлы Имандинов мамырдың 25-інде сағат 13:00 шамасында «Toyota Estima Lucida» көлігімен Щучье қаласына жұмыстарымен кеткен. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз.

«Тәртіп сақшыларына ер адамның жеке кәсіпкерлікпен айналысатыны ғана белгілі. Әйелі алдымен өзі күйеуін іздеп көрді, одан нәтиже шықпаған соң полицияға хабарласты», - дейді ведомстводан.

Русланның бойы 170-180 см. Дене бітімі орташа, басы тақыр. Үстіне сұр түсті шорты, қара футболка, аяғына қара крассовка киген. Оны іздеуге ПД жеке құрамы тартылып, таныстары мен туыстары, көршілері және куәгерлерінен сұрастыруда. Полиция қызметкерлері Русланның жүрген жеріне қатысты қандай да бір мәлімет білетін адамдар болса, «102» арнайы желісіне хабарласуын сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT