Ақмола облысында картон қораптар шығаратын кәсіпорын өртеніп жатыр

None
None

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы картон қораптар шығаратын «Экопак Астана» ЖШС-ның екі қабатты ғимараты өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бүгін кешке қарай тұтанды. Тілсіз жауды ауыздықтауда ғимараттың екінші қабатында картон қораптар шығаратын цехтың орналасуы қиындық туғызуда.


«Картон қағаздарды жалын лезде шарпуда. Бастапқыда өрт аумағы 200 шаршы метр болса, қазір 800 шаршы метрге дейін ұлғайды. Қызыл жалын ғимараттың сыртына тарауда. Өртті сөндіруге Ақмола облыстық ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 3 өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ елордадан қосымша өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар