+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Ақмола облысында қарға батқан көліктер жол апатына себепкер болды

2020 жылғы 27 қаңтар 09:31
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында қарға батқан көліктер жол апатына себепкер болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 500-ден астам көлік колоннасын Нұр-Сұлтан қаласына дейін жетуіне және ол жақтан кейін қайтуына қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жеті автожол бөлігінде көлік қозғалысы шектелді 22 ақпан күнгі ауа райы болжамы СҚО-да боран соғып тұр: 37 адам қар құрсауынан шығарылды

«Ауа райының күрт бұзылуы: қардың жаууы, ақ түтек боранға байланысты патрульдік полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Облыстағы автомобиль жолдарында экстремалды жағдай туындап отыр. Өңір полицейлері жол-көлік оқиғасын болдырмау және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шұғыл шараларды қолдануда», - дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомствоның мәліметінше, жолдардың жабылғандығы туралы алдын ала бірнеше рет ескерту жасалғанымен көлік жүргізушілері жолға шығып, қар құрсауында қалуда.

«Қаңтардың 26-да патрульдік полиция батальонының бірнеше экипажы мен қар тазалайтын көліктер «Нұр-Сұлтан-Петропавл« тасжолының бойында 250 көліктің елордаға жетуін және ол жақтан 300 көлік құралының Көкшетауға жетуін қамтамасыз етті. Сағат 17:00 шамасында аталмыш жолдың бойында, Макинск қаласы тұсында көліктердің бірінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарға кіріп кетті. Оған артында келе жатқан 8 көлік соғылды. Жол апаты салдарынан 8 автокөлікке залал келді. Бір жолаушы дене жарақатымен Бұланды аудандық ауруханасына жатқызылды»,- деп толықтырды ведомстводан.

Ақмола облысының полицейлері ауа райына байланысты барлық бағыттағы жолдардың жабылғандығын және жүргізушілерге өз еріктерімен елді-мекеннен тысқары шықпауға шақырады.


Иллюстрациялық фото


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT