+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Ақмола облысында қараусыз малдың кесірінен 40 көлік апаты болған

2020 жылғы 21 қараша 23:56
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында қараусыз малдың кесірінен 40 көлік апаты болған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында автокөлік жолында бақылаусыз жайылып жүрген малдың кесірінен жол-көлік оқиғасы орын алып, жүргізуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында үздік экскурсовод анықталды Ақмола облысындағы ауылдың тұрғындары сапалы ауызсуға қол жеткізді Тұңғыш Президент күніне орай Ақмола облысында бірқатар жаңа нысан ашылды

Ведомствоның мәліметінше, өңірдегі автокөлік жолдарының бойында бақылаусыз жайылып жүрген малдардың салдарынан жол-көлік оқиғалары жиі болады.

«Мәселен, биылғы жылғы қарашаның 18-де «Зеренді-Щучинск» автожолында «Renault Logan» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолға шығып кеткен жылқыны қағып өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті», - деді ведомстводан.

Айта кету керек, көлік құралының иесі материалдық залалды өтеу үшін жол апатына себепкер жануардың иесінің үстінен азаматтық тәртіппен сотқа арыз беруіне құқысы бар. Жалпы, ағымдағы жылы Ақмола облысында қараусыз малдың қатысуымен 40-қа жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT