Ақмола облысында карантиндік шектеулерді жеңілдету туралы жаңа қаулы шықты
2022 жылғы 22 ақпан 20:16

Ақмола облысында карантиндік шектеулерді жеңілдету туралы жаңа қаулы шықты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантиндік шектеулерді жеңілдету туралы жаңа қаулысы шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда өңірдің «жасыл» аймаққа өтуіне байланысты «Ashyq» жобасына қатысатын барлық әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне рұқсат етілген.

«Сонымен бірге «Ashyq» жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне де рұқсат етілген. Алайда, медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді. Қоғамдық көліктерге қатысты қарбалас сағаттарда автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру талабы қойылады. Ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде (жұмыс орнында) жұмыс істеуіне жол беріледі», - делінген құжатта.

Қаулы қол қайылған күннен, 2022 жылғы ақпанның 22-нен бастап күшіне енеді.

Айта кетсек, эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша бүгіннен бастап, Ақмола облысы да «жасыл» аймаққа шыққан еді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT