+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді

2021 жылғы 16 қыркүйек 19:24
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді. Бұл туралы жаңа қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Эпидахуалды бағалау матрицасы: Атырау облысы «жасыл» аймаққа өтті Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 162 науқастың жағдайы өте ауыр Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 6 адам қайтыс болды

Жаңа қаулыда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, ашық ауадағы аттракциондардың жұмысына рұқсат беріледі. Сонымен бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен, 30 адамнан артық емес, бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтық сақтай отырып, мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында, ашық ауада ұжымдық діни іс-шараларды, оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православие дұғалары және басқаларын жүргізуге рұқсат етілген.

«Сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрып, жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарлары қызметіне рұқсат беріледі. Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер, аралас тауарлар дүкендері, павильон (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация пункттері орналасқанына қарамастан) сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұрып, күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Мұндағы келушілер саны 30 пайыздан және бір келушіге 4 шаршы метрден аспауы тиіс. «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан, балалар ойын алаңдары мен аттракцион қызметіне тыйым салынады», - делінген қаулыда.

Бұдан бөлек, сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрып, жұмыс күндері сағат 20-ға дейін фитнес орталықтары, йога орталықтары, тренажер залдары мен спорт-сауықтыру орталықтары, сауна, СПА орталықтары, бассейн қызметіне рұқсат беріледі.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап бастап күшіне енеді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT