Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары сақталуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында санитарлық – эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған барлық шаралар кешені жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде пандемия басталғалы бері стационарларды қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектердің 85 түрі жөнелтілді. Сондай-ақ, жергілікті бюджет есебінен стационарлық деңгейде КВИ емдеуге арналған препараттардың жеке резерві жасалды. Бактерияға қарсы ең қажетті препараттар, антикоагулянттар және вирусқа қарсы өзге де препараттар сатып алынды. Емханалар арқылы халықты ыстық түсіретін және антикоагулянттардың бес атауы бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Тұрақтандыру қорында қосымша 500 миллион теңге қарастырылған. Өңірде халықты КВИ-ге қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда. Шамамен 294 мың адам егілді. Халықты неғұрлым кеңінен қамту үшін егу пункттерінің саны 5 есеге, 27-ден 130-ға дейін ұлғайтылды.

Жалпы, 260 егу пункттері мен мобильді бригадалар жұмылдырылды. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде 11 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Өңірде әлі де шектеу шаралары сақталуда. 228 мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда. Соңғы аптада 84 тексеру жүргізіліп, 1010 нысан мониторингпен қамтылды. Карантин шараларын бұзуға қатысты 30 жағдай анықталып, 25 әкімшілік айыппұл салынды. «Ashyq» жобасын енгізу бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Жоба қатысушыларына 4813 QR-код берілді, 81 объектіге «Ashyq» жобасының көшбасшылары» мәртебесі берілді.

Айта кетсек, 20 жұқпалы арурулар стационар базасында бір мың инфекциялық төсек орны ашылған. Онда 571 адам ем алуда, төсек-орын жүкетесі 57 пайызды құрайды.


Соңғы жаңалықтар