+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Ақмола облысында карантин талаптарын бұзып, той өткізгендер анықталды

2021 жылғы 11 қазан 21:00
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында карантин талаптарын бұзып, той өткізгендер анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында карантин талаптарын бұзып, той өткізгендер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 24 адамға айыппұл салынды Батыс Қазақстанда соңғы айда 97 оқушы мен 19 мұғалімнен коронавирус анықталды Алматы облысында коронавируспен ауырған 23 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысында 27 қыркүйектен бастап Ashyq-та «Қауіпсіз» мәртебесі бар келушілердің қатысуымен салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар өткізуге рұқсат етілді (50 пайызға дейін, 50 орыннан артық емес). Тиісті шешімді COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. Алайда, мұндағы талаптарды кәсіпкерлер мен аймақ тұрғындарының барлығы бірдей сақтай бермейді.

«Өткен демалыс күндері Целиноград ауданының мониторингтік тобы 3 бұқаралық іс-шаранының өткізілгенін анықтады. Мәселен, Қосшы қаласының «Аружан плаза» мейрамханасында үйлену тойы өтті. Іс-шараға 160 адам шақырылды. «Баянды» мейрамханасында 150 адамға арналған тағы бір үйлену тойы тоқтатылды. Банкеттер өткізу кезінде Ashyq қатысушыларының жұмыс тәртібі бұзылған. Ал Қоянды ауылында Ashyq қатысушысы болып табылмайтын «Алаш» мейрамханасында 100 қонақтың қатысуымен той өткізілді», - деді ведомстводан.

Сонымен қатар, Атбасар ауданында «Дарина» мейрамханасында 70 адамның қатысуымен туған күн аталып өтті. Сол күні «Асхат» дәмханасының банкет залы да қыз ұзату өткізетін қонақтарға толы болды, оған 70-тен астам адам қатысты. Бұл нысандар Ashyq қатысушылары болып табылады.

«Карантинді бұзушылардың тізімін Көкшетау қаласының, Бурабай және Астрахан аудандарының нысандары толтырды, онда маска режимі сақталмаған, мекеме қызметкерлері жұмыс режимін бұзған», - деп толықтырды ведомстводан.

Жалпы, бір апта ішінде 327 нысан мониторингпен қамтылды, оның ішінде карантиндік шараларды бұзудың 16 фактісі немесе 4,9 пайыз анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT