+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Ақмола облысында карантин шектеуі күшейтілді

2021 жылғы 8 сәуір 22:00
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында карантин шектеуі күшейтілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында карантиннің шектеу шараларын күшейту туралы өңірдің бас санитарлық дәрігерінің кезекті қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көксу ауданында қойылған 9 блокбекет алынып тасталды - Алматы облысы Әнші Марат Омаров той өткізген шымкенттік мейрамханаға қатысты тексеру басталды Маңғыстау облысында сәуірде 3 мектеп карантинге жабылды

Жаңа қаулыда отбасылық, естелік (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды қоғамдық тамақтану объектілерінде және үйде өткізуге тыйым салынып отыр. Сонымен бірге, қоғамдық тамақтану объектілерінде және үйде (отбасылық, естелік іс-шаралары (банкет, үйлену той, мерейтой, мерекелік корпоратив, лотерея ұтыс ойыны) ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға, сондай-ақ қызметі ҚР және Ақмола облысының БМСД-нің қолданыстағы қаулыларымен шектелген объектілерге барудан бас тарту ұсынылды.

«Көпшілік іс-шараларын (мерекелік, көпшілік спорт, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция т.б. өткізуге), отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, мерекелік корпоратив, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі, ойын клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батут және тағы басқалар), букмекер кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық, кальян орындарының (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметі тоқтатылады. Мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге, көрермендердің қатысуымен спорт іс-шараларын өткізуге тыйым салынады»,- делінген қауылда.

Бұдан бөлек, банкет залдары, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары, мәдениет объектілер, кинотеатр, театр, концерт залдары, жүйелі жүрмейтін облысаралық және қалалық (туристік тасымал) қозғалысын тоқтатады.

Ал сенбі мен жексенбіде жабық азық-түлік емес базарлардың, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтарының, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының, фитнес орталықтары, тренажер залдары мен спорт-сауықтыру орталықтарының, сауна, бассейн, СПА орталықтарының қызметіне тыйым салынады.

Сонымен қатар, штаттық кестеде 20-дан артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс атқарады.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 11 сәуірде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT