Ақмола облысында карантин шараларына қатысты жаңа қаулы шықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларына өзгерістер мен толықтырулар туралы» жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтаған жағдайда қоғамдық тамақтандыру объектілері қызметіне рұқсат беріледі.

«Дәмхана, мейрамхана типі бойынша, дүкендердегі және (жайлардағы) барлар және т.б. толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ орын саны 50-ден артық емес жұмыс режимі сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін, сағат 24-ден 07:00-ге дейін өнім тек сыртқа шығарылып, сатылады. Сағат 07:00-ден 20:00-ға дейін жұмыс режимімен, Ақкөл, Аршалы, Шортанды, Целиноград аудандарын қоспағанда, сағат 20:00-дан 07:00-ге дейін өнім тек сыртқа шығарылып, сатылады. Жазғы алаңдар - толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, жұмыс режимі сағат 07:00-ден 24:00-ке дейін, асхана типі бойынша-тәулік бойы, стрит-фудтарға (отыратын орны жоқ жеке тұрған шатыр/ларек/дүңгіршек) рұқсат беріледі», - делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар