+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ақмола облысында карантин күшейтілді

2020 жылғы 15 қазан 22:24
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында карантин күшейтілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның карантиндік режимді күшейту туралы қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес:

- 65 жастан асқан азаматтардың далаға шығуына шектеу енгізілді;

- түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді (өңірдің көшелерінде жүру).

- демалыс күндері автобустардың жүруіне тыйым салынды;

- такси екі адамнан артық тасымалдамауы тиіс;

- саябақ, скверлерде 3 адамнан артық топ болып жүруге болмайды;

- аумағы 1000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, сауда, ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік емес дүкендердің жұмысы шектеледі. Жұмыс күндері сағат 19:00-ге дейін ашық болса, демалыс және мереке күндері жабық болады;

- жұмыс күндері азық-түлік дүкендері мен жабық базарлардың жұмыс уақыты 17:00 дейін шектеледі. Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді;

- азық-түлік дүкендері мен мейрамханалардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгіленді;

- қоғамдық тамақтану орындары 30 келуші немесе сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;

- мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі;

- ХҚО жұмыс кестесі шектеледі.

- фитнес-орталықтар сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс;

- 5-тен 180-ге дейін оқушысы бар мектептерге сыныпта баланың санын 15-тен асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

- пошталар сағат 14:00 дейін ғана жұмыс істейді.


Қаулы 2020 жылдың 16 қазанында сағат 00:00 күшіне енеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT