Ақмола облысында қандай елді мекендерге газ тыртылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы және Целиноград аудандарындағы елді мекендерге газ тарту жоспары жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жоспар бойынша бірінші кезекте «Аршалы» АГТС және АГТС-1 стансаларынан бастап «Қызылорда-Қарағанды-Астана» магистралды газ құбырының құрылысын жүргізу көзделген. Осылайша, 2019 жылы «Астана» АГТС-2 арқылы Аршалы және Целиноград аудандарына газ тартуды бастауға болады.

«Сарыарқа» магистралды газ құбырына дейін газ тарту желінің құрылысын жүргізу үшін өңірде Жол картасы жасалды. Мамыр айында Ақмола облысының бюджетінен 100 миллион теңге қаржы бөлініп, газ тарту желісінің жоспары жасалды және «Қызылорда-Қарағанды-Астана» магистралды газ құбырына жақын елді мекендерде жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.

Осы ретте Аршалы ауданындағы Анар, Донецкий, Түрген, Бірсуат, Байдала, Аршалы, Ақбұлақ, Ақтаста, Ижевский, Шөптікөл, Бабатай, Арнасай, Волгодоновка, 42 разъезд, Қойгелді, Жалтыркөл, Жібек жолы сияқты 17 ауылға газ тарту үшін 56,1 миллион теңге қаржы бөлінсе, Целиноград ауданындағы Талапкер, Қоянды және Шұбары ауылдары үшін бөлінген 43,9 миллион теңге қаржы игерілуі тиіс.

Оған қоса, Целиноград және Аршалы аудандарындағы барлығы 151 мың халқы бар 44 елді мекенге газ жеткізу жоспарда бар. Газ тарту бойынша құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі 2022 жылы «Астана-Көкшетау» учаскесінде жүзеге асыру қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар