Ақмола облысында қандастарға арналған агроқалашық құрылысы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бастамасымен ұсынылған Ақмола облысы, Аршалы ауданындағы қандастарға арналған агроқалашық құрылысы басталды.

Үлкен іс басталып, алғашқы үйдің іргетасы қаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Отандастар» Telegram каналына сілтеме жасап.

Бүгінгі күні геодезиялық зерттеулер негізінде жер телімдерінің шекаралары анықталып, оларды нақтылау жұмыстары жүргізілді, жолдар мен басқа да инженерлік желілер салуға белгілер қойылды. Жер телімдері шегінде межелеу жұмыстары қолға алынды.

Үйлердің құрылысы осы жылдың 15 мамырында басталады.

«Біздің алдын ала есебіміз бойынша, агроқалашықтағы алғашқы үйлер биыл күзде бой көтереді. Ағайынның қуанышынде шек жоқ, неше жыл асыға күткен әсерлі сәт! Қуаныш құтты болсын ағайын!».-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар