Ақмола облысында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі судья тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елбасының Жарлығымен Айгүл Ахметова Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық сотының жалпы кеңесінде облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Раджаб Даминов судья Айгүл Ахметованың антын қабылдап, оның сот жүйесінде табысты жұмыс істеп, оның дамуына, заң үстемдігін және әділдікті қамтамасыз етуге үлес қосуына тілектестік білдірді.

Жаңа тағайындалған судьяны кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымына Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек және  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова таныстырды.

Айгүл Ахметова еңбек жолын 1995 жылы Павлодар облысының аудандық сотында сот отырысының хатшысынан бастап, кейін 2004 жылдан адвокаттық қызметпен айналысқан. 

Соңғы жаңалықтар