Ақмола облысында қалааралық автобустар 10 бағытта ғана жүреді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Карантин шектеулеріне байланысты Ақмола облысы аумағында қалааралық және облысішілік автобус бағыттары қысқартылып, санитарлық талаптар қатаң сақталған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Александр Рублевский айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның сөзінше, қазіргі кезде автобус арқылы қалааралық және облысішілік жолаушылар тасымалы 10 бағытта жүзеге асырылады.
Яғни, Көкшетау – Державинск, Көкшетау – Ұлан, Көкшетау – Есіл (2 бағыт), Көкшетау – Атбасар, Көкшетау – Степногор, Көкшетау – Щучье – Макинск, Көкшетау – Капитоновка, Көкшетау – Тастыөзек, Көкшетау – Еңбек, Көкшетау – Астраханка бағытында әлеуметтік қашықты сақтай отырып, жолаушылардың санына назар аударылады.
«Жолаушылар автобусқа отыратын кезде бірінші кезекте маска болуы тексеріледі. Жүргізуші мен жолаушылар қолдарын жуу үшін санитайзерлер орнатылған. Рейске шығар алдында және аяқталған кезде көліктің іші дезинфекцияланады. Қазіргі кезде, облыс ішінде жолаушылар ағыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама азайған. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, былтырғы жылдың осы кезеңінде Көкшетау автовокзалынан тәулігіне 500 адам жолға шықса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 50 адамды немесе 10 пайызды құрап отыр», – деді Александр Рублевский.
Сонымен бірге, Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары 5 қарашадан бастап Көкшетау – Алматы, Көкшетау – Ақтау бағытындағы әуе рейстері тоқтағанын атап өтті.
Бұдан бөлек, күнара қатынайтын Көкшетау – Қызылорда пойызы екі күнде бір жүретін болды.
- Шетелден ұшып келген 201 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ
- «Smart Aqmola» базасында 112 бірыңғай Call-орталығы жұмысын бастайды
- 20 жастағы ақмолалық бірнеше күн үйіне келмей, компьютерлік ойын ойнаған
- Өзбекстанда концерттік бағдарламаларға рұқсат берілді
-
ТМД елдері арасында ұрланған көліктерді қайтарудың жолы жеңілдетіледі
-
Карантин: Ордабасыда 100 адамның басын қосып, көкпар берген
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам